Ердоған партиясының қала басшылары жиналысына қатысты

Ердоған: "Елімізді әлемнің ең ірі 10 экономикасынан біріне айналдырамыз".

1797425
Ердоған партиясының қала басшылары жиналысына қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған «Елімізді әлемнің ең ірі 10 экономикасынан біріне айналдырып, ұлтымыз ғасырлар бойы армандаған ұмтылысты жүзеге асыруға уәде береміз» деді.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Ердоған Анкарада партиясының бас ғимаратында өткен қалалық филиал басшыларының жиналысына қатысты.

Ердоған «Ертең салтанатты түрде ашылатын "1915 Чанаккале көпірі" біздің даму қадамымыздың маңызды нышандарының бірі болады деп ойлаймын» деді.

«Бұл әлемдегі ең маңызды көпірлердің бірі. Тіпті нөмір бірінші деп атайтындай бір көпір салдық» деген президент «Бұл көпір арқылы 6 минутта Азиядан Еуропаға, Еуропадан Азияға өтетін бір инвестицияны жүзеге асырдық» деді.

Президент Ердоған баяндамасында сәуір айында Ризе-Артвин әуежайларының да ашылатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар