Министр Чавушоғлу армян әріптесі Арарат Мирзоянмен бас қосты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен бас қосты.

1794418
Министр Чавушоғлу армян әріптесі Арарат Мирзоянмен бас қосты
20220312_2_52579741_74592668.jpg
borrell-cavusoglu.jpg

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен кездесті.

Министр Чавушоғлу Анталия дипломатия форумы (АДФ) аясында екіжақты және делегация аралық кездесулерін жалғастыруда.

Бұл кездесу екі елдің министрлер деңгейіндегі ұзақ уақыттан кейінгі алғашқы кездесуі.

Кездесуден кейін мәлімдеме жасаған министр Чавушоғлу армяндық әріптесімен жасампаз және сындарлы кездесу өткізгендерін айтты.

Екі ел арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру үшін толығымен басылатын қадамдарды талқылайтындарын білдірген Чавушоғлу «Кавказдың оңтүстігінде тұрақтылық пен бейбітшілікке ұмтылатынымызды қуанышпен айтқым келеді. Бұл бағыттағы күш-жігерімізбен барлық жерден қолдау алдық. Әсіресе Түркия мен Армения арасындағы қадамдар мен қалыпқа келу үдерісіне Әзербайжанда риза. Әзербайжан да бұл үдерісті қолдайды. Қалай десек те, аймақтағы тұрақтылық пен тыныштық бәріміздің игілігіміз үшін. Бұл бағыттағы шараларды жалғастырамыз. Біз бұл мәселе бойынша сыртқы істер министрімен де келістік» деді.

Чавушоғлу АДФ-ның екінші күні Еуроодақ Сыртқы ынтымақтастық және қауіпсіздік саясаты жоғары өкілі Жозеп Боррельмен де кездесті.

Чавушоғлу Боррельмен делегация аралық кездесу өткізді.

Кездесуде Украинадағы соңғы оқиғалар мен Кипр мәселесі талқыланды.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу АДФ аясында екіжақты кездесулерді жалғастырды.

Форумның бірінші күнінде Чавушоғлу Сомали Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Абдисаид Мусе Али, Люксембург Сыртқы істер министрі Жан Ассельборн және Еуроодақ Белград-Приштина диалогы бойынша арнайы өкілі Мирослав Лайчак, Гагауз автономиялық аймағы басшысы Ирина Влах, Финляндия Сыртқы істер министрі Пекка Хаависто, Еуроодақ комиссиясының Көршілік және кеңею комиссары Оливер Вархелимен бас қосты.

Отырыстарда күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар