Ердоған Киевте Зеленскиймен бас қосты

Украина президенті Владимир Зеленский президент Ердоғанды Маринский сарайында ресми рәсіммен күтіп алды.

1773050
Ердоған Киевте Зеленскиймен бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен барған Украина астанасы Киевтегі Маринский сарайында Украина президенті Владимир Зеленский тарапынан ресми рәсіммен күтіп алынды.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің шақыруымен Түркия мен Украина арасындағы Жоғары деңгейлі Стратегиялық Кеңесінің 10-шы жиналысына қатысу мақсатымен Киевке барған президент Ердоған 2-ші Дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарға арналған Белгісіз Әскерлер ескерткішіне барып, гүл шоғын қойғаннан кейін Маринский сарайына келді.

Зеленский Ердоғанды қақпада күтіп алды, артынан екі лидер оңаша кездесу өткізді.

Ердоған Жоғары деңгейлі Стратегиялық Кеңесінің 10-шы жиналысына қатысады.

Жиналыста стратегиялық ортақтық өресіндегі Түркия-Украина қарым-қатынастары көлемді талқыланады, екі ел арасындағы ынтымақтастықты бекемдеу мүмкіндіктері қарастырылады. Аймақтық және халықаралық тақырыптарда көзқарастар алмастырылады.

Жиналыстан кейін екі лидер ортақ баспасөз жиналысын өткізеді.

Кеңес жиналысынан кейін екі ел министрлерінің қатысуымен көптеген саладағы келісімдерге қол қою рәсімі өткізіледі.

 



Ұқсас жаңалықтар