Turkovac үшін шетелден сұраныс келіп жатыр

Проф. Др. Ерхан Акдоған түрік отандық вакцинасы жаппай өндірілген Шанлыурфада мәлімдеме жасады.

1753093
Turkovac үшін шетелден сұраныс келіп жатыр

Жедел қолдану үшін рұқсат алған коронавирусқа қарсы түрік вакцинасы TURKOVAC үшін шетелден де сұраныс болып жатыр.

Түркия Медицина институттары (TÜSEB) төрағасы Проф. Др. Ерхан Акдоған түрік отандық вакцинасы жаппай өндірілген Шанлыурфада мәлімдеме жасады.

Ол қазір Түркияда вакцина проблемасы жоқтығын, сонымен бірге TURKOVAC вакцинасының да қосылып, осы процеске үлес қосатынын атап көрсетті. «TURKOVAC вакцинасына байланысты шетелден де сұраныстар келіп жатыр. Оларға да жауап беру үшін қажетті дайындықтар, жоспарлар жасалып жатыр.  Әлемде ковид-19 вакцинасын өндіретін тоғыз елдің бірі – Түркия» деді ол.

«Вакцина және биотехнологиялық өнімдердің өндірілуіне байланысты тағы бір база Анкарада салынуда. Алдымыздағы жылы аяқталуы жоспарланып отыр» деген Акдоған былай жалғастырды: «Осы процесте TÜSEB ретінде ғылыми және технологиялық мағынада үлес қосудамыз.  Осылайша TURKOVAC секілді зерттеу жұмыстарында жұмыстар атқарылады».



Ұқсас жаңалықтар