Ердоған Алаеддин Явашжа үшін көңіл айтты

Президент Ердоған Түрік классикалық музыкасының өнерпазы, белгілі өнер саңлағы, әйгілі композитор және  профессор Алаеддин Явашжа үшін көңіл айтты.

1751736
Ердоған Алаеддин Явашжа үшін көңіл айтты
erdogan.JPG

Президент Режеп Тайып Ердоған түрік классикалық музыкасының өнерпазы, әйгілі композитор және  профессор Алаеддин Явашжа үшін көңіл айтты. 

Президент Режеп Тайып Ердоған Twitter-дегі парақшасында "Түрік классикалық музыкасының өнерпазы, белгілі өнер саңлағы, әйгілі композитор және  рофессор Алаеддин Явашжа қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы, туған-туыстары және өнер сүйер қауымның қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Жатқан жері жайлы, жаны жаннатта болсын" деген сөздер қолданды. 

Президент орынбасары Фуат Октай, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Мұстафа Шектоп, Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой да әлеуметтік желі арқылы Алаеддин Явашжа үшін көңіл айтты. 

Бірталай уақыттан бері емделіп жатқан 95 жасындағы композитор Алаеддин Явашжа бүгін қайтыс болды. 

 



Ұқсас жаңалықтар