Түркия мен Африка елдері арасындағы қарым-қатынас дамуда

Маки Салл Түркия-Африка қарым-қатынастарының өзара құрметке негізделгенін және бұл селбесудің Африка елдері үшін өте маңызды екенін айтты.

1749970
Түркия мен Африка елдері арасындағы қарым-қатынас дамуда

Сенегал президенті Маки Салл Түркия-Африка қарым-қатынастарының өзара құрметке негізделгенін және бұл селбесудің Африка елдері үшін өте маңызды екенін айтты. 

Сенегал президенті Маки Салл Стамбұлда ұйымдастырылған 3-ші Түркия-Африка Ортақтық саммитінің сәтті өткенін білдіріп, Малабо қаласында 2014 жылы ұйымдастырылған 2-ші Түркия-Африка саммитінде келісімге барған тақырыптарда ілгерілеушілік болғанын түсіндірді. 

Салл "Барлық қатысушы елдер тұрғысынан өте сәтті жиналыс болды. Барлық Африка лидерлері қатты риза болды. Түркия мен Африка елдері арасындағы қарым-қатынас өзара құрмет және мүдделерге негізделген. Түркия Африка елдері үшін өте маңызды" деді. 

Сенегал мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты"өте шынайы және жемісті" екенін түсіндірген Салл Дакарда түрік фирмаларына тиесілі көптеген үлкен жобалар болғанына назар аударды. 

 



Ұқсас жаңалықтар