Чаушоғлу африкалық 3 елдің министрлерімен бас қосты

3-ші Түркия-Африка Әріптестік саммиті Стамбулда өтеді.

1748521
Чаушоғлу африкалық 3 елдің министрлерімен бас қосты
candia camara fildisi-cavusoglu.jpg
frederick m.m shava zimbabve-cavusoglu.jpg
albert shingiro burundi-cavusoglu.jpg

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Бурунди Сыртқы істер министрі елші Альберт Шингиро, Кот-д'Ивуар Сыртқы істер, Африка интеграциясы және диаспора министрі Кандия Камара және Зимбабве Сыртқы істер және халықаралық сауда министрі елші Фредерик М.М. Шавамен кездесті.

Министр Чавушоғлу кездесулер туралы Твиттердегі аккаунтынан «3-ші Түркия-Африка Әріптестік саммиті елімізде қонақта болған Бурунди, Кот-д'Ивуар және Зимбабве Сыртқы істер министрлерімен кездесумен күнді бастадық» деді.

Біріншісі Стамбулда, екіншісі Экваторлық Гвинея Республикасының бас қаласы Малабода ұйымдастырылған Түркия-Африка Әріптестік саммитінің үшіншісі «Бірге даму және өркендеу үшін күшейтілген серіктестік» тақырыбымен Стамбулда басталды.

Стамбул Конгресс орталығында өтетін және 18 желтоқсан күніне дейін жалғасатын саммитке Африка елдерінен мемлекет басшылары, министрлер және халықаралық мекеме өкілдері қатысуда.



Ұқсас жаңалықтар