Президент 12-ші Босфор саммитіне бейне жолдама жіберді

Ердоған эпидемияның жаһандық жүйедегі әділетсіздіктерді тағы бір рет ортаға қойғанын түсіндірді.

1743571
Президент 12-ші Босфор саммитіне бейне жолдама жіберді

Президент Режеп Тайып Ердоған тарихтағы ең үлкен денсаулық сақтау дағдарысының бірі болып саналатын жаңа типтегі коронавирус эпидемиясы кезінде халықаралық қауымдастықтың сынақтан өте алмағанын айтты. 

Президент Ердоған Халықаралық Ынтымақтастық Платформасы ұйымдастырған 12-ші Босфор саммитіне жіберген жолдауында соңғы 2 жылда бүкіл адамзатпен бірге Түркияға да ықпал еткен жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) эпидемиясының жаһандық жүйедегі әділетсіздіктерді тағы бір рет ортаға қойғанын түсіндірді.

Тарихтағы ең үлкен денсаулық дағдарыстарының бірі болып табылатын эпидемия кезінде дамыған елдерден бастап халықаралық қоғамның сынақтан өте алмағанын атап көрсеткен Ердоған «Бұл үдерісте ешқайсымыз қауіпсіз сезіне алмайтынымызды көрдік. Біз бетімізді басқа жаққа қаратып, шекарамызды қоршап, шекараның арғы жағында болып жатқан оқиғалардан бас тарту арқылы қиындықтардан құтыла алмаймыз. Бұл ауыр шындық заңсыз көші-қон және лаңкестікпен күрестен бастап экономикадан қауіпсіздікке, білім беруден денсаулыққа дейін көптеген салада өзін мойындатқызды» деді.

Түркия ретінде бұл түсінікпен ұзақ уақыттан бері «Әлем бестен үлкен» деп адамзаттың тағдырының тек қана 5 елдің еркіне тастамау керектігін тілге тиек еткендерін атап көрсеткен президент «Біз сын айтып қана қоймай, «Әділ әлем болу мүмкін» деген сеніммен проблемаларды шешу жолдарын да ұсынып отырмыз. Экономикадағы күресімізді де осының толықтырушы бір бөлігі ретінде қабылдаймыз. Пайыздарды назарға алу түсінігінің орнына инвестиция, жұмыспен қамту, өндіріс және экспортқа негізделген жаңа экономика үлгісімен дамуды, әл-ауқатты, кіріс әділдігін және тұрақты өсуді жүзеге асыратынымызға сенеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар