Министр Сойлу ливандық әріптесімен телефонда сөйлесті

Ішкі істер министрі ливандық әріптесі Бессам Мевлевиге Түркияның қолдауын жалғастыратынын білдірді.

1740663
Министр Сойлу ливандық әріптесімен телефонда сөйлесті

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу ливандық әріптесі Бессам Мевлевимен телефон арқылы сөйлесті.

Ливан Ішкі істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Сойлу мен Мевлеви арасындағы әңгіме барысында екі елдің қауіпсіздігін қорғау талпыныстарының маңызы талқыланды.

Министр Сойлу Ливан Ішкі істер министрлігіне қарасты Ішкі қауіпсіздік күштері мен басқа да қауіпсіздік бөлімшелеріне Түркияның қолдауын жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Түркияның Ливандағы өкілетті елшілігі Ливанға көмек аясында 5 қараша күні Ливан Ішкі істер министрлігі құрамындағы Ішкі қауіпсіздік күштеріне 3 мың азық-түлік пакеті табыс еткен болатын.

Ішкі істер министрлігі Қауіпсіздік дирекциясы 10 қыркүйек күні Ливан Ішкі істер министрлігіне қарасты Ішкі қауіпсіздік күштері басқармасына жеке қорғаныс құралдары қолдауы берген болатын.

Түрлі діндер мен секталарға негізделген саяси бөлінулер тұрғысынан өте нәзік құрылымға ие Ливан экономикасы 1975-1990 жылдардағы азаматтық соғыстан кейінгі ең үлкен дағдарысты бастан кешуде.

Түркия 2020 жылы 4 тамыз күні Бейрут портындағы жарылыстан қатты күйзеліске ұшыраған Ливанға әр түрлі көмектермен қолдау көрсетуді жалғастыруда.



Ұқсас жаңалықтар