Шекарада бес террорист ұсталды

Олардың үшеуі – ДАИШ, екеуі – сепаратистік PKK террорлық ұйым мүшесі.

1738816
Шекарада бес террорист ұсталды

Сириядан заңсыз жолдармен Түркияға өтуге тырысқан бес террорист ұсталды. Олардың үшеуі – ДАИШ, екеуі – сепаратистік PKK террорлық ұйым мүшесі.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі «Хатай және Шанлыурфада қызмет ететін шекара күзетшілеріміз Сириядан елімізге заңсыз жолдармен кіруге әрекет жасаған бес кісіні ұстады. Тексерулерде ұсталған кісілердің үшеуінің ДАИШ, екеуінің PKK террорлық ұйым мүшелері екені анықталды» деп хабарлады.

Ұлттық Барлау ұйымы тарапынан Ирактың солтүстігінде террористерге қарсы ұйымдастырылған операцияларда Гарада төрт, Кандилде екі террорист залалсыздандырылған болатын.

Гарада залалсыздандырылған террористердің бірінің PKK/KCK террорлық ұйымының жауаптыларының бірі, «Ботан» лақап атты Нихат Гөрен екені анықталды.



Ұқсас жаңалықтар