Фуат Октай Солтүстік Кипр Түрік Республикасында

Вице-президент Солтүстік Кипр Түрік Республикасының 38 жылдығы рәсімінде үн қатты.

1734215
Фуат Октай Солтүстік Кипр Түрік Республикасында

Вице-президент Фуат Октай Понтилердің Жерорта теңізінде біржақты көмірсутек зерттеу жұмыстарын қайта бастайтынын жариялағанын атап «Олар алаңдамасын, біз оларды жалғыз қалдырмай, бұрғылау жұмыстарын тоқтатқан жерімізден жалғастырамыз. Ешкімнен қорықпаймыз. Жерорта теңізінің шығысында серуендегісі келгенге жауап қайтарылады» деді. 

Октай Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) 38 жылдығына орай дәрігер Фазыл Күчүк бульварында ұйымдастырылған рәсімде үн қатты. 

Фуат Октай Түркия аймақтағы энергия көздерінің аралдағы екі тарап үшін ынтымақтастық мүмкіндігі екенін атап, понти тарапының тағы бір жақты ұстаным ортаға қойғанына назар аударып, «Жерорта теңізінің гуманитарлық дағдарыстар мен көші-қон көріністері себепті «қайғылы теңіз» деп атау жетпей ме? Енді Кипрдің понтилер тарапы аймақта тағы бір жақты көмірсутектерді зерттеуге кірісетінін жариялауда. Олар алаңдамасын, біз оларды жалғыз қалдырмай, бұрғылау жұмыстарын тоқтатқан жерімізден жалғастырамыз. Ешкімнен қорықпаймыз. Жерорта теңізінің шығысында серуендегісі келгенге жауап қайтарылады» деді. 

Түркия мен Кипр түріктерінің Жерорта теңізінің шығысындағы заңды құқығы мен мүдделерін елемеуіне ешқашан рұқсат бермейтіндерін атап көрсеткен Октай заңды құқығы мен мүдделерін нақты қадамдармен қорғауды жалғастыратындарын білдірді. 

Мараштың ашылуымен басылған тарихи қадамдар арқылы ұлттық күрестің көтеріліп, өрлей беретінін атап көрсеткен Фуат Октай «Біз тарихы бір, күресі бір, мәселелері мен күресі бір ұлы бір ұлыстың перзенттеріміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар