Ливия Жоғары мемлекеттік кеңесі төрағасы Халид әл-Мишри Түркияда

Шентоп Ливия Мемлекеттік жоғары кеңесі төрағасы Халид әл-Мишриді қабылдады.

1732196
Ливия Жоғары мемлекеттік кеңесі төрағасы Халид әл-Мишри Түркияда

ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп Түркия Ливияда тұрақты бейбітшілік пен тыныштық үшін ливиялықтар және заңды өкілдерінің жанында болуды жалғастыратынын айтты.

Шентоп Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде Ливия Мемлекеттік жоғары кеңесі төрағасы Халид әл-Мишри басшылығындағы делегацияны қабылдады.

Қабылдау кезінде Түркия мен Ливия арасында бес ғасырдан астам уақыттан бері терең және ерекше қарым-қатынастар бар екеніне назар аударған Шентоп «Берік достық пен бауырластық байланысымыз өз күшін ортақ тарихымыздан алады. Екіжақты қарым-қатынасымызға қоса парламент мүшелері арасындағы қарым-қатынастарды жетілдіру үшін де күш-жігеріміз жалғасуда. Түркия-Ливия парламентаралық достық тобының құрылуы бұл талпынысымыздың ең нақты көрсеткіші болып табылады» деді.

«Түркия осы уақытқа дейін жасағандай Ливия мен ливиялық бауырларымыздың қажет болған барлық салада жанында болуын жалғастырады. Осы тұрғыда біз ұлттық және халықаралық платформаларда әрқашан осы ұстанымды тілге тиек еткенімізді айтқым келеді» деген Шентоп дос және бауырлас Ливияға бағытталған инфрақұрылымнан білімге, қорғаныс пен қауіпсіздіктен дамуға дейінгі барлық салалардағы ынтымақтастықтың жалғасып жатқанын атап өтті.

Мишри болса «Түркиямен тығыз қарым-қатынастамыз бар. Түркия әр қиындықта біздің қасымызда болды. Түркияның қолдауы біз үшін өте маңызды. Сондықтан да біз өте қуаныштымыз» деді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу да Халид әл-Мишримен бас қосқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар