Ердоған табиғи газ шығаратын күннің жақын екенін айтты

Ердоған: "Қаратеңізде табиғи газ шығара бастағанда сүйіншісін сұрайтынымызға сенемін" деді.

1729007
Ердоған табиғи газ шығаратын күннің жақын екенін айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Қаратеңізде табиғи газ шығара бастағанда сүйіншісін сұрайтынын айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Президенттік сарайда сенім хатын тапсырған елшілерді қабылдағаннан кейін журналистерге мәлімдеме жасады.

Еліміздің түкпір-түкпірін инфрақұрылым қызметтерімен қамдағанын айтқан Ердоған осы қызмет жарысының жалғасқанын, бұл жолдан бастартпайтындарын білдірді.

Түркия ғана емес әлемдегі көптеген елде де қызметті жалғастырғандарын айтқан Ердоған құрлықтарды аралағандарын, Африканың 52 еліне барғандарын Америка құрлығына, Латын Америкасына дейін жеткендерін атап көрсетті.

Ердоған: "Осы барыста оларға еліміздің сәлемін жеткіздік. Елімізді таныстырдық. Таныстыруды жалғастырудамыз" деді.

Энергия тақырыбында Түркияның көптеген қиыншылықты жеңгенін білдірген Ердоған:

"Қаратеңізде табиғи газ шығара бастағанда сүйіншісін сұрайтынымызға сенемін, сабыр сақтайық. Табиғи газды шығарғанымызда бұл тек елдің қоржынына ғана емес, азаматтардың қоржынына да түседі" деді.



Ұқсас жаңалықтар