Отандық вакцинаның жанама әсері байқалмады

Отандық инактив коронавирус вакцинасының клиникалық зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр.

1709907
Отандық вакцинаның жанама әсері байқалмады

Отандық вакцина TURKOVAC-тың үшінші саты жұмыстары аяқталып қалды.  1500-ге жуық еріктіде сыналған вакцинаның ешбір жанама әсері байқалмады.

Отандық инактив коронавирус вакцинасының клиникалық зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Жедел қолдану үшін лицензияға өтініш беру сатысына келген вакцина алдағы айларда жаппай өндіріле бастайды.

Еріктілердің бірі Ясин Акпынар отандық болғандықтан осы вакцинаны таңдағанын айтып: «Бірінші компонентте ешбір әсерін байқамадым. Сондықтан екіншісін де салдырдым. Баршаға айтарым, Turkovac-ты қорықпай салдырыңыздар» деді.

Кайсери Қалалық ауруханасының Инфекция клиникасының микробиология маманы Др. Айшин Кылынч Токер де 1500 еріктіге вакцина еккендерін білдірді.

«Қазір Стамбул, Анкара және Кайсериде бес орталықта отандық вакцинаны егіп жатырмыз. Еріктілерге 28 күннен кейін екінші компонентті саламыз.  Екінші компонент салынған азаматтарда ешбір жанама әсер байқалмады» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар