Түркия ең көп вакцина егілген 9-шы ел атанды

Жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетіне қарсы вакцинация көрсеткіштері жарияланды.

1687206
Түркия ең көп вакцина егілген 9-шы ел атанды

Дүниежүзі бойынша жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетіне қарсы  егілген вакциналар 4 миллиард 400 миллион дозадан асты.

Жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетіне қарсы вакцинация көрсеткіштері жарияланды. Осы көрсеткіш бойынша Қытайда егілген вакциналар  1 миллиард 760 миллион компонентпен бірінші орын иеледі. Одан кейін ретімен 501 миллион  9 мың дозамен Үндістан,   349 миллион  790 мың дозамен АҚШ, 149 миллион 470 мың дозамен Бразилия, 99 миллион 650 мың дозамен Жапония, 94 миллион 270 мың дозамен Германия, 86 миллион 10 мың дозамен Ұлыбритания, 76 миллион 470 мың дозамен Франция және 75 миллион 743 мың дозамен Түркия орын алды.  Түркия ең көп вакцина егілген 9-шы ел атанды.



Ұқсас жаңалықтар