Ердоған Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барады

Ердоған барған кезде парламентте бір сүйінші беретінін білдірді.

1676403
Ердоған Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барады

Президент Режеп Тайып Ердоған жексенбі күні Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барады. Ердоған барған кезде парламентте бір сүйінші беретінін білдірді. 

Президент Ердоған Стамбұлда мәлімдеме жасады. 

Бір делегациямен Сотүстік Кипр Түрік Республикасына баратындарын баяндаған Ердоған бірінші күні парламентте депутаттарға үн қатанын білідріп, "Барған кезде парламентте бір сүйінші береміз. Керемет қадамамыз бар. Дайындық жұмыстарды бітірдік" деді. 

Президент Ердоған сейсенбі күні әр жылы өткізілетін 20 шілде Бейбітшілік және еркіндік мейрамы рәсіміне қатысатындарын мәлімдеп, "Әрі аралға, әрі барша әлемге әлем бейбітшілігінің орнатылуы үшін жолдамаларымыз болады. Осы жолдамалармен қатар президенттер арасында кездесу өткізіледі. Делегациялар арасында кездесулер болады. Сапарымыз сәтті өтеді" деді. 

Ердоған Германиядағы сел апатына байланысты су тасқынының өте үлкен екені жайлы мағлұмат алғанын айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар