Ердоған СКТР-да ашылған суару-жеткізу жобасымен байланысты мәлімдеді

Президент Ердоған кеше тікелей эфирде СКТР Суару-жеткізу туннелін ашу рәсіміне қатысты.

1643937
Ердоған СКТР-да ашылған суару-жеткізу жобасымен байланысты мәлімдеді

Президент Режеп Тайып Ердоған Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) Суару-жеткізу туннелін ашу жобасы туралы Твиттер аккаунтынан хабарлама жасады.

Президент Ердоған хабарламасында «Бүгін атажұрттың суын СКТР-ның құнарлы топырағына жеткізетін суару-жеткізу туннелін ашу рәсімін жүзеге асырдық. Туннель елдерімізге және кипрлік түріктерге құт әкелсін. Жобаны жүзеге асыруға үлес қосқандардың бәрін құттықтаймын» деді.

Президент Ердоған өз хабарламасында жоба туралы ақпаратқа қоса бір инфографикаға да орын берді.

Кеше президент Ердоған СКТР Суару-жеткізу туннелін ашу рәсіміне Стамбулдағы Вахдеттин резиденциясынан тікелей эфир арқылы қосылды.

Салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде Ердоған жыл сайын теңізден аспалы өткел жүйесі арқылы 75 миллион текше метр суды СКТР-на жеткізгендерін айтқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар