Президент Ораза айт мерекесімен құттықтады

Ердоған видео үндеу жариялады.

1638350
Президент Ораза айт мерекесімен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Ислам әлемін және түрік ұлтын Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Президент видео үндеуінде: «Бұйырса,  коронавирус пандемиясын бақылауға алып, мерекеден кейін қалыпты өмірге өту қадамдарын басамыз» деді. «Вакцина бастаған эпидемияға қарсы қажетті барлық әдісті қолданамыз.  Мұның қиын, бірақ арты жарқын емтихан екенін ұмытпайық» деді ол.

Ердоған: «Аймағымызда болып жатқан барлық оқиғаның артында Түркияны жетістіктерінен мақұрым қалдыру мақсаты бар екені шындық» деді. «Елімізге кек ұстайтынар мен ерікті түрде оларға қолдау көрсеткендерді ұлтымыз ажыратып біледі. Эпидемияны да осы мақсатта қолданғандарға жол бермейміз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар