Президент Ердоғаннан "Еуропа күні" хабарламасы

«Еліміздің үлесі мен қолдауынсыз Еуроодақтың өзінің мықты болмысын сақтай алмайтыны анық».

1636935
Президент Ердоғаннан "Еуропа күні" хабарламасы

Президент Режеп Тайып Ердоған «Еліміздің үлесі мен қолдауынсыз Еуроодақтың өзінің мықты болмысын сақтай алмайтыны анық» деді.

Президент Ердоған 9 мамыр «Еуропа күніне» орай хабарлама жариялады.

Хабарламасында Еуроодақтың бейбітшілік, тұрақтылық пен тыныштықты қалыптастыруға маңызды үлес қосқанын атап көрсеткен Ердоған соңғы кезде босқын дағдарысы, исламофобия мен шетел дұшпандығы, қаржылай және материалды берген уәделердің орындалмауы, Ұлыбританияның мүшеліктен шығуы және жаңа типтегі коронавирус сияқты көптеген мәселемен бетпе-бет қалғандарын атап көрсетті.

Президент Ердоған «Одақтың мықты жаһандық актер болуы алдындағы ең үлкен кедергі стратегиялық сабыр мен көзқарас тапшылығы. Дұрыс шешім қабылдау механизмінен бастап, Еуроодақтың жаңа бір мекемелік құрылымға, жаңа көзқарасқа, қамдаушы жаңа сөйлемдерге қажеттілігі бар. Осы мақсатпен бүгін басталатын «Еуроодақтың келешегі конференциясы» дұрыс бір бағытпен жолға аттанған, бірақ үміткер елдер шақырылмағаны себепті қазірден-ақ өзін шектейтін сөйлемдерге қамаған көрінеді» деді.

Тарихи, географиялық және гуманитарлық тұрғыдан Еуроодақтың бір бөлігі болып табылатын Түркияның Одақтың алдында тұрған мәселелерді шешуде және оның тиімділігін арттыруда өз үлесін қосуға дайын екенін білдірген Президент «Еліміздің үлесі мен қолдауынсыз Еуроодақтың өзінің мықты болмысын сақтай алмайтыны анық» деді.

Режеп Тайып Ердоған Түркия душар қалған қос стандарт пен кедергілерге қарамастан стратегиялық нысанасы болған Еуроодақ мүшелдігі жолында тұрақты ұстанымы мен жұмыстарын жалғастыратынын атап көрсетті.

Президент Ердоған Түркияның Еуроодақ мүшелігінің аймақтық және жаһандық деңгейде ықпалды, өз азаматтарымызға аймағына және әлемге үміт болған бір Еуроодақтың өркендеуінің алдын ашатынын атап, «Бұл ой-пікірмен «Еуропа күнінің» одақ душар болған стратегиялық соқырлықтан құтылуына бастама болуын тілей отырып, өз азаматтарымнан бастап, барлық Еуропаны 9 мамыр «Еуропа күнімен» құттықтаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар