Ердоған түрік-армян берекесіне тоқталды

Ердоған "Бірінші Дүниежүзілік соғыстың ауыр шарттарында қаза тапқан Османлы армяндарын құрметпен еске аламын, ұрпақтарына шынайы көңіл айтамын" деді.

1627672
Ердоған түрік-армян берекесіне тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Түріктер мен армяндардың ғасырлар бойы жалғасқан және адамзатқа өнеге болған бірге өмір сүру мәдениетінің ұмытылуына рұқсат бермейміз"деді. 

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия армяндарының патриархы Сахак Машалянға үндеу жолдады.

Ердоған үндеуінде Машалян мен армян қоғамының құрметті мүшелеріне сәлем берді және:

"Бірінші Дүниежүзілік соғыстың ауыр шарттарында қаза тапқан Османлы армяндарын құрметпен еске аламын, ұрпақтарына шынайы көңіл айтамын" деді.

Этникалық тегі, діні, тілі, түсі қандай болғанына қарамай, баршаның адамзат отбасының мүшелері екенін айтқан Ердоған:

"Осы территорияларда ғасырлар бойынша бейбітшілік ішінде бірге өмір сүріп, ай жұлдызды байрақтың көлеңкесінде тынтыштық табудамыз" деп көрсетті.

Ердоған сөзін былай жалғастырды:

"Біздің басымызды қосқан мүдде де, есеп те емес. Біздің басымызды қосқан бір елге, ұқсас құндылықтарға, ұқсас армандарға деген шынайы тәуелділігіміз. Түркия Республикасының тең, еркін және абыройлы азаматы болу баршамыздың мақтанышымыз. Ортақ мәдениетіміз армян қоғамының сәулет өнері, музыка және өнерге қосқан есесімен бірге жетілдірген сот, инженер, заңгер, іскер және кәсіп иелерінің білімі мен маңдай тері арқылы байыды, дамыды. Түріктер мен армяндардың ғасырлар бойы жалғасқан және адамзатқа өнеге болған бірге өмір сүру мәдениетінің ұмытылуына рұқсат етпейміз. Тарихшылар жасаған тиісті талас-тартыстарды үшінші тараптың саяси мақсатпен елімізге бағытталған килігу құралына айналдыруы ешкімге пайда әкелген жоқ. Азаматтық рухымызға тарихтан бері жалғасып келе жатқан қайғылар жарату жоспары бар. Бұл ұрпақтарымызға әділетсіздік болып табылады." 

"Түріктер мен армяндар барлық кедергілерді бірге жеңіп, кемелденгенімізді көрсететін уақытымыз жетті" деген Ердоған үндеуін одан ары жалғастырды:

"Қуанышты бөлісу, қайғыларға ортақ болу, тарихтан дұрыс сабақ алу, болашақты бірге орнату біздің қолымызда тұр. Түркия осы тұрғыдан барлық жауапкерліктерін орындауды жалғастырады. Ұлтымыздың айырылмас бір бөлшегі болған армян азаматтарымызға еліміздің осы жолдағы күресіне берген шынайы қолдаулары үшін алғыс айтамын." 



Ұқсас жаңалықтар