Айға шығу жұмыстары жалғасуда

Фуат Октай: "Ұлттық Ғарыш бағдарламасының алғашқы нысанасы Республиканың 100 жылдығында Айға шығу" деді.

1619129
Айға шығу жұмыстары жалғасуда

Президенттің орынбасары Фуат Октай Түркияның Республиканың 100 жылдығында Айға тұңғыш рет шығу жолында мықты қадаммен ілгерлегенін айтып:

"Күшті Түркия барлық салада болғанындай ғарыш жұмыстарында да бар" деді.

Президенттің орынбасары Фуат Октай әлеуметтік желіден Анадолы агенттігінің "Айға қиын қону міндетінде қолдану жоспарланған гибридті зымыран қозғалтқышы сынағы табысты өтті" деген тақырыптағы хабарын жариялады.

Фуат Октай:

"Ұлттық Ғарыш бағдарламаларымыздың алғашқы нысанасы "Республиканың 100 жылдығында Айға шығу" қадамымыз жалғасуда. Күшті Түркия барлық салада болғанындай ғарыш жұмыстарында да орнын иелеуде. Түрік инженерлерінің бұл міндетті табыспен орындайтынына кәміл сенеміз" деді. 



Ұқсас жаңалықтар