Эгей теңізінде 64 иммигрант құтқарылды

Дикили су айданында үрлемелі қайыққа мінген 64 иммигрант Түрік жағалау күзетшілері тарапынан құтқарылды.

1617004
Эгей теңізінде 64 иммигрант құтқарылды

Измирдің Дикили ауданында Грекия теңіз күзет жасақтары Түркияның аумақтық суларына итеріп жіберген қайықтағы 64 иммигрант Түрік жағалау күзетшілері тарапынан құтқарылды.

Ауданның су айдынында үрлемелі қайыққа мінген бір топ келімсек бар екені хабарланған соң Жағалау қауіпсіздік қолбасшылығы аймаққа бір қайық жіберді.

Грекия теңіз күзет жасақтары Түркияның аумақтық суларына итеріп жіберген қайықтағы 64 иммигрант құтқарылды.

Жағалауға алып шыққан мигранттар тергеу жұмыстарының артынан  Көші-қон қызметі басқармасына тапсырылды.



Ұқсас жаңалықтар