ТР Денсаулық сақтау министрі ДДСҰ брифингіне қатысады

Министр ДДСҰ бас директоры Др. Тедрос Адханом Гебрейесусқа серік болады.

1612772
ТР Денсаулық сақтау министрі ДДСҰ брифингіне қатысады

ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медиа брифингіне қатысады.

Министр ДДСҰ бас директоры Др. Тедрос Адханом Гебрейесусқа серік болады.  Жиналыста ол коронавирустың медицина қызметкерлеріне әсері, медицина қызметкерлерінің қорғалуы үшін басылған қадамдар мен Түркиядағы вакцинацияның соңғы жағдайына байланысты мәлімет береді.

Жаһандық пандемия кезінде маңызды мәліметтермен бөлісуде маңызды рол ойнаған ДДСҰ-ның брифингтеріне кейде халықаралық ұйым өкілдері, саясат қайраткерлері мен медициналық саланың лидерлері қатысады. Осы аптадағы брифингке 2021 жылдың «Халықаралық Медицина қызметкерлері жылы» ретінде жариялануына мұрындық болған Фахреттин Кожа қатысады. Кожаның брифингке шақырылуында Түркияның коронавируспен табысты күресі,  жаһандық лидерлігі мен медицина қызметкерлеріне көзқарасы ықпалды болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының брифингі бүгін Түркия уақытымен сағат 18-19 арасында өтеді. Тікелей эфирмен берілетін жиналысты ұйымның коронавирус парақшасынан және әлеуметтік желідегі аккаунттарынан тамашалауға болады.



Ұқсас жаңалықтар