Террор ұйымы DHKP/C-нің Түркия жауаптысы ұсталды

DHKP/C-нің мемлекеттік қызметкерлерге жауапты мүшесі Ясемин Карадағ да тергеуге алынды.

1610954
Террор ұйымы DHKP/C-нің Түркия жауаптысы ұсталды

Террористік ұйым DHKP/C-нің Түркияға жауапты мүшесі Ясемин Карадағ мен мемлекеттік қызметкерлерге жауапты Йетер Гөнүл Айдын Стамбулда жасалған бір операциямен ұсталды.

Стамбул Полициясының Барлау және террормен күрес бөлімі дирекциясы топтары ортақ ұйымдастырған операцияда Ясемин Карадағдың тексерілген сандық деректерде DHKP/C-нің Түркия жауаптысы екені анықталды.

Күдікті Карадағдың Ішкі істер министрлігі тарапынан жарияланған іздеу салынған террористтер тізімінде «сұр» категорияда болған және ұсталған соң қамауға алынған Джафери Садық Ероғлуның орнына ұйым тарапынан қызметке тағайындалғаны білдірілді.

Аталмыш сандық деректерде 2000 жылынан бері 3 рет түрмеге отырған күдікті Йетер Гөнүл Айдынның болса ұйымның мемлекеттік қызметкерлерге жауапты мүшесі екені анықталды.

Техникалық және физикалық тұрғыдан қадағалауды жалғастырған топтар ұйымға тиесілі бір үйде жасырынған Айдын мен мекен-жайын анықталған Карадағды тергеуге алды.

Күдіктілердің полициядағы тергеу жұмыстары жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар