Соңғы бір тәулікте індеттен 157 кісі қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркияда қазірге дейін 14 миллионнан астам вакцина егілгенін айтты.

1608664
Соңғы бір тәулікте індеттен 157 кісі қайтыс болды

Түркияда коронавируспен күрес сақтық шараларымен жалғасып жатыр.

Соңғы бір тәулікте коронавирус індетінен 157 кісі қайтыс болды.

Коронавирус індеті басталған күннен бері қайтыс болғандардың саны 30 мың 619 адамға көбейді. 

Бір күнде 222 мың 753 сынама жүргізіліп, мың 210 жаңа науқас тіркелді.

Бір тәулікте 28 мың 731 кісіге вирус жұққаны анықталды.

Ауруханадан шыққан 19 мың 186 кісіні қосқанда, жазылып кеткендердің саны 2 миллион 900 мың 829 кісіге жетті.

Сонымен бірге Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркияда қазірге дейін 14 миллионнан астам вакцина егілгенін айтты. 

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Ғылыми кеңес жиналысынан кейін жасаған мәлімдемедесінде  індетпен күреске тоқталды. 

Министр Фахреттин Кожа:

"BioNTech вакцинасынан 1.4 миллион доза елімізге келді. Бұл сәуірдің басында 4.5 миллион дозаға жетеді. Осыған қосымша 30 миллион дозалық вакцина келісімі жасалды" деді.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа мамыр айының соңына дейін 100 миллион доза вакцинаның Түркияға жетуін күткендерін айтты.

Кожа:

"Еліміз бүгін вирусқа ұқсайтын бөлшектер вакцинасының 1-ші сынақ жұмыстарын бастады.  Бұл вакцина бүкіл әлемдегі ең инновациялық вакциналардың біреуі" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар