Нидерланды Өкілдер мәжілісінің шешіміне наразылық

Аксой "Мәжіліс тарихты қайта жазатын орын емес" деді.

1591096
Нидерланды Өкілдер мәжілісінің шешіміне наразылық

Түркия Нидерланды Өкілдер мәжілісінің Нидерланды үкіметін «1915 жылғы оқиғаларды қырғын деп тануға» шақырған шешіміне наразылық білдірді.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хами Аксой Нидерланды Өкілдер мәжілісінің шешіміне байланысты сұралған сұраққа жазбаша жауап қайтарды. «Бүгін (25 ақпан) Нидерланды Өкілдер мәжілісінде қабылданған,  үкіметті 1915 жылғы оқиғаларды қырғын деп тануға шақырған шешім тарихты саяси мүддемен қайта жазу талпынысы болып табылады» деді ол. Аксой «Мәжілістер тарих жазатын және соттайтын орын емес.  Осы шешімге қосылғандар 1915 жылы шыныменен не болғанын іздестірудің орнына, дауыс жинауға талпынуда» деді.

Аксой шешімді қабылдағандарды БҰҰ-ның 1948 жылғы Қырғын қылмысының алдын алу және жазаландыру келісімі мен Еуропа Адам құқықтары сотының үкімдерін қарауға шақырды.  «Тарихи бір мәселенің жақсы түсінілуіне бағытталған ынталар мен бастамаларға қолдау беруге шақырамыз. Армения жауап бермеген Ортақ тарих комиссиясы ұсынысымыз осы бастамалардың басында келеді» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар