Чавушоғлу Ливия Ішкі істер министрі Фетхи Башағамен телефонда сөйлесті

Дипломатиялық ақпарат көздеріне қарағанда Чавушоғлу қастандық әрекеті жасалған Башағаға жақсы тілектерін жеткізді.

1588333
Чавушоғлу Ливия Ішкі істер министрі Фетхи Башағамен телефонда сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ливия Ішкі істер министрі Али Фетхи Башағамен телефонда сөйлесті.

Дипломатиялық ақпарат көздеріне қарағанда Чавушоғлу керуеніне жасалған қарулы шабуылға орай Башағаға жақсы тілектерін жеткізді.

Ливия Ішкі істер министрлігі кеше Триполидің батысындағы Джанзур аймағындағы резиденциясына барған кезде Башағаның керуеніне көлікке орналастырылған ауыр автоматты қарумен шабуыл жасалғанын жариялаған болатын.

Телефон дипломатиясы жалғасқан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның өзбек әріптесі Абдулазиз Камиловпен де телефон арқылы сөйлескені білдірілді.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар да керуені шабуылға ұшыраған Башағаға телефон шалды.

Шабуыл туралы ақпарат алған Хулуси Акар ливиялық министр мен Ливия халқына бірлік пен ынтымақтастық тілектерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар