Иранмен үштік саммит жоспарланды

Сыртқы істер министрі алып қашырылған теңізшілерден де хабар бар екенін айтты.

1573569
Иранмен үштік саммит жоспарланды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Нигерия су айдынында қарақшылар алып қашырған түрік теңізшілер туралы «Кеше бір хабар алдық. 15 бауырымыздың барлығының денсаулығының жақсы екенін естідік. Жақсы хабарды жақында аламыз, бұйырса» деді.

Сыртқы істер министрі Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зарифпен Стамбулда бас қосты.  Оңаша кездесуден кейін делегация аралық жиналыс өткізілді. Жиналыстан кейін екі министр баспасөз өкілдерінің алдына шықты. Осында Чавушоғлу: «Коронавирус себебімен жиналыстарды қалай өткізетінімізді талқыладық. Астана формасында үштік саммит Тегеранда болады. Дайындықтарды бүгін бастадық» деді.

Оңтүстік Кавказда бір бітім бар екенін және баршаның осы бітімнің түбегейлі болуын тілейтінін атап көрсеткен министр: «Тек тілеп қана қою жетпейді, үлес қосуымыз керек.  Оңтүстік Кавказға байланысты 3+3 форматында ынтымақтастық жоспарлап отырмыз» деді.

Министр төрт күн бұрын алып қашырылған кеме жөнінде де «Кеше жақсы хабар алдық» деді. «Шабуылдан аман қалған капитанның төртінші орынбасары мен екі азамат бүгін Түрік Әуе жолдарының ұшағымен Түркияға келеді. Кемелерімізге бағытталған шабуылдардың алдын алуға байланысты тақырыптарды басқа елдермен бірігіп талқылаймыз» деді ол.

Иран Сыртқы істер министрі Зариф те «Президент Режеп Тайып Ердоғанды қысқа уақытта Иранда күтеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар