ЕЭЫДҰ-ның Стамбул орталығы ашылды

Президент Ердоған "ЕЭЫДҰ" Стамбул Орталығының ашылу рәсіміне бейне үндеу жолдады.

1569281
ЕЭЫДҰ-ның Стамбул орталығы ашылды

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбулды халықаралық ұйымдардың орталығына айналдыру мақсатына тағы бір қадам жақындағандарын айтты.

Ердоған Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЕЭЫДҰ) Стамбул орталығының ашылу бағдарламасына жолдаған бейне үндеуімен қатысты.

Стамбулда жұмыс істейтін орталықтың (ЕЭЫДҰ) табысты жұмыстарға таңба қалдыратынына сенім білдірген Ердоған «Стамбулды халықаралық ұйымдардың әсіресе Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) орталығына айналдыру мақсатымызға тағы бір қадам жақындадық. ЕЭЫДҰ-ның Стамбулдағы штаб-пәтері арқылы ұйымның үлкен географиялық жұмыстарына көбірек үлес қосуға мүмкіндігіміз болады» деді.

ЕЭЫДҰ-ның әрі эпидемиямен күресте, әрі эпидемиядан туындаған экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуде жұмыс істеп жатқандығын атап көрсеткен Президент «Бұл үдерісте ұйымның Стамбулдағы орталығы әрі ұйымның серіктес елдер стратегиясына қызмет етеді, әрі мүше емес елдермен сауда-саттық және инвестициялық қарым-қатынастарды күшейту бағытында талпынысын ортаға қояды» деді.

Ердоған «Орталықтың ЕЭЫДҰ-ның жұмыстары үшін шынында да орталық рөлін атқаруын тілейміз. ЕЭЫДҰ Стамбул орталығының Парижбен байланысты қызмет түрлерін ұсынады деп күтеміз» деді.

Сауда министрі Рухсар Пекжан болса бейнеконференция арқылы қатысып, ЕЭЫДҰ Стамбул Орталығының құрылуымен Түркия мен ЕЭЫДҰ арасындағы қарым-қатынастарда жаңа бір кезеңнің басталғанын білдірді.

Пекжан «Пандемиядан кейінгі әлемді қалпына келтіретін және оны жақсартатын кез келді. ЭЫДҰ Стамбул орталығынан осы тұрғыдан айтарлықтай үлес қосуын күтеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар