Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Пәкістанда

Пәкістан Президенті Ариф Алви Чавушоғлуна "Хилал-и Пәкістан" медалін табыс етті.

1562638
Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Пәкістанда

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу екі күндік ресми сапармен Пәкістанның астанасы Исламабадқа барды.

Чавушоғлун алдымен Пәкістан Президенті Ариф Алви қабылдады. 

Президент Алви Джинна залында ұйымдастырылған рәсімде Чавушоғлуна "Хилал-и Пәкістан" медалін табыс етті. 

Мәвлүт Чавушоғлу кездесуге байланысты твиттер арқылы мәлімдеме жасады. 

Чавушоғлу мәлімдемесінде "Президент Ариф Алвиге президентіміз @RTErdogan-ның сәлемін және жақсы тілектерін жеткіздім. Пәкістан екінші үйіміз болып табылады. Екі ел қарым-қатынастары өте сәтті дамуда. Хилал-и Пәкістан медалі - мен үшін үлкен абырой. Жасасын Түркия-Пәкістан бауырластығы" деді. 

Чавушоғлу Пәкістан Сыртқы істер министрі Шах Махмут Курейшимен кездесті. 

Кездесуде екі ел қарым-қатынастары, аймақтық және халықаралық тақырыптар қолға алынды. 

Екі министр екі ел қарым-қатынастарын дамыту үшін халықаралық мәселелерде өзара мүдделерге байланысты ортақ стратегияны қадағалау тақырыбында келісті. 

Екі министр сонымен қатар әлемде өрбіген Исламофобия әрекеттерінің алаң туғызғанын тілге тиек етіп, Ислам құндылықтарын қорғау жөнінде ортақ әрекет жасайтын болды. 

Кездесуде Түркия-Пәкістан стратегиялық экономика талпыныстардың атқарылуы керектігі де атап өтілді. 

Пәкістан Сыртқы істер министрі Шах Махмут Курейши Кашмир тақырыбындағы қолдауларына орай Түркияға алғыс айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар