ТҰҰМ төрағасы АҚШ-тағы оқиғаларды бағалады

Мұстафа Шентоп АҚШ-тағы оқиғалардың үрей туғызғанын мәлімдеді.

1558977
ТҰҰМ төрағасы АҚШ-тағы оқиғаларды бағалады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп АҚШ-тағы оқиғалардың үрей туғызғанын мәлімдеді және баршаны сабыр сақтауға шақырды.

Шентоп мәлімдемесінде президенттік сайлаудан кейін АҚШ-та басталған және кеше Конгресс ғимаратына  дейін жеткен оқиғаларды бағалады.

Шентоп «АҚШ-тағы оқиғаларға алаңдап, тараптарды алдымен тыныштыққа шақырамыз. Әрдайым заңдар мен демократия шеңберінде шешілетініне сенеміз. Түркия ретінде біз әрқашан заң мен демократияны жақтадық. Мұны баршаға ұсынамыз» деді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 75-ші Бас ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкыр президент Дональд Трамп жақтастарының кеше АҚШ Конгресіне басып кіруінің артынан қынжылып, алаңдағанын мәлімдеді.

Бозкыр өзінің Twitter-дегі аккаунтынан: «АҚШ - әлемдегі ең ірі демократиялық елдердің бірі. Осындай қиын бір кезеңде бізге қонақжайлық жасаған бір елде демократиялық процестерде бейбітшілік пен сыйластық орнайтынына сенемін» деді.



Ұқсас жаңалықтар