Төрт елмен арадағы рейстер тоқтатылды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі хабарлады.

1548841
Төрт елмен арадағы рейстер тоқтатылды

Ұлыбритания, Дания, Нидерланды және Оңтүстік Африкадан Түркияға рейстер тоқтатылды.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа әлеуметтік желі арқылы жасаған хабарламасында: «Коронавирустың жаңа түрінің мутация арқылы Ұлыбританияда жұғым жылдамдығы артқаны білдірілді. Президент Режеп Тайып Ердоғанның нұсқауы, Қатынас министрінің координациясымен сақтық шарасы ретінде Ұлыбритания, Дания, Нидерланды және Оңтүстік Африкадан біздің елге рейстерді тоқтатуға шешім қабылданды» деп жазды.

«Сақтық шаралары шеңберінде қазір жолдағы рейстердегі барлық жолаушыларға тест жасалып,  карантин ережелері орындалады» деді ол.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Ұлыбританияда анықталған вирустың мутацияға ұшыраған түрінің Нидерланды, Дания және Австралияда да байқалғанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар