Ердоған Құрбан айтта сақтану керектігін айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Құрбан айтта да жаңа коронавирус індетінен сақтану керектігі туралы ескерту жасады.

1463254
Ердоған Құрбан айтта сақтану керектігін айтты
erdogan kabir ziyareti.jpg
erdogan.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Құрбан айтта да жаңа коронавирус індетінен сақтану керектігі туралы ескерту жасады.

Президент Ердоған әке-шешесінің Стамбұлдағы кабірін зиярат еткеннен кейін мәлімдеме жасады. Ердоған мәлімдемесінде Құрбан айтта та жаңа коронавирус індетіне қарсы қатты абай болу керектігін айтты.

Ердоған "Тазалыққа қатты көңіл бөлейік, сыртта маска тағып жүрейік, әлеуметтік қашықтықты сақтайық. Жер-жиһанды әлекке салған осы жаман індеттен тезірек құтылайық" деді.

Халықтың Құрбан айтын құттықтаған Ердоған мейрамның барша отбасына қуаныш, бақыт және береке-бірлік әкелуін тіледі. 

Биылғы Құрбан айттың сонымен қатар Айя-София мешітінің ғибадатқа ашылуына тура келгенін түсіндірген Ердоған "Бұл да біз үшін ерекше бір сүйінші" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар