Чавушоғлұ шетелдегі дипломатиялық өкілдермен сөйлесті

Чавушоғлұ Түркияның шетелдегі көптеген елшісі және тұрақты өкілдерімен  видеоконференция арқылы сөйлесті.

1403044
Чавушоғлұ шетелдегі дипломатиялық өкілдермен сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Түркияның шетелдегі көптеген елшісі және тұрақты өкілдерімен жаңа коронавирустың ықпалымен байланысты  видеоконференция арқылы сөйлесті. 

Мәвлүт Чавушоғлұ Түркияның шетелдегі көптеген елшісі және тұрақты өкілдерімен кездесуіне байланысты мәлімдеме жасады. 

Батыс Еуропа, Орташығыс, Солтүстік Африка, солтүстік және оңтүстік Америка елдеріндегі өкілдермен жаңа коронавирустың ықпалдарын қолға алғандарын білдірген Чавушоғлұ "Әрқашан азаматтарымыздың қасындамыз. Осы қиын процесте құлшына жұмыс істеген барлық қызметкерлерге алғыс айтамын" деген сөздер қолданды. 

Дипломатиялық қайнар көздерден алынған мағлұматтарға қарағанда министр Чавушоғлұның кездесулерінде сонымен қатар шетелдегі түрік азаматтардың жағдайы және қиыншылықтары, министрлік қызметкерлерінің денсаулығы және осы елдерде коронавирусқа байланысты соңғы жағдай талқыланды. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар