10 желтоқсан – Адам құқықтары күні

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ 10 желтоқсан Адам құқықтары күніне орай жолдама жариялады.

1320909
10 желтоқсан – Адам құқықтары күні

10 желтоқсан – Адам құқықтары күні

Бүгін Халықаралық Адам құқықтары күні атап өтілуде.

Адамдардың барлығы еркін және тең деген пікірге мойынсұнған БҰҰ 1948 жылдың 10 желтоқсан күні, яғни осыдан 71 жыл бұрын осы күнді Адам құқықтары күні ретінде қабылдады.  Еліміз 1949 жылы сәуір айында БҰҰ-ның құрылу мәлімдемесін бекітті.

1949 жылдан бері елімізде де Адам құқықтары күні жыл сайын 10 желтоқсан күні тойланып келеді.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ 10 желтоқсан Адам құқықтары күніне орай жолдама жариялады.

Чавушоғлұ жолдамасында Түркияның ең негізгі адам құқықтары болған өмір сүру құқығын аяусыз бұзған көптеген террор ұйымдарымен күресуді жалғастырғанын айтты.

Адам құқықтары және сот салаларында жүзеге асырылған реформалардың ұлттың негізгі құқық пен еркіндіктерінен жақсы пайдалануын қамтамасыз еткенін түсіндірген Чавушоғлұ «Адам құқықтарына құрмет көрсету текті мемлекет мәдениетіміздің және сыртқы саясатымыздың ірге тасын қалайды» деген сөздер қолданды.

Чавушоғлұ халықаралық қауымның адам баласының ортақ тыныштығы мен байлығы үшін ортақ жауапкершілік түсінігімен әрекет ету керектігін баяндады.

Түркияның тарих бойынша зұлматтан қашқандарға қол ұшын бергенін еске салған Чавушоғлұ осы таңда да әлемде ең көп мигрантқа үй иелігін жасаған ел қатарында екенін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар