608 террорист залалсыздандырылды

Ішкі істер министрінің орынбасары Исмаил Чатаклы брифинг берді.

1281819
608 террорист залалсыздандырылды

Ішкі істер министрінің орынбасары Исмаил Чатаклы 16 сәуір-30 қыркүйек күндері арасындағы көктем-жаз операцияларында 608 террористтің залалсыздандырылғанын мәлімдеді.

Чатаклы министрлікте баспасөз брифингі ұйымдастырып, бөлшектеуші террорлық ұйым PKK-ның іс-әрекеттері азайса немесе қимылдамай тұрғандай көрініс берсе де, террористтер толығымен жойылғанға дейін күрестің жүргізілетінін айтты.

Таудағы террористтердің санының 600-ден азайғанын еске салған Ішкі істер министрінің орынбасары Диярбакыр аналарының ұстанымының осы үдеріс тұрғысынан маңызды екенін білдірді.

Чатаклы терроризммен күресте үздіксіз операция стратегиясының жалғасқанын айтты.  Ол қыркүйек айындағы операцияларда Ішкі істер министрлігінің тізіміндегі 9 террористпен бірге барлығы 184 (92 өлі, 37 тірі/жаралы, 55 берілген) террористтің залалсыздандырылғанын білдірді.

Чатаклы залалсыздандырылған террористтердің 143-інің PKK/KCK, 36-сының ДАИШ, бесеуінің ұшқары солшыл террор ұйымына мүше екенін атап көрсетті.

Министрдің орынбасары кыран-1-2-3-4 операцияларының әлі жалғасуда екенін білдірді.  Осы операцияларда 63 террористтің залалсыздандырылғанын, 19 адам ұсталғанын, 68 үңгір/баспананың жойылғанын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар