Президент Ердоған орыс телеарнасына сұхбат берді

Президент Ердоған Ресейдің «Россия-1» мемлекеттік телеарнасына қонақ болды.

595817
Президент Ердоған орыс телеарнасына сұхбат берді

Президент Ердоған «Россия-1» мемлекеттік телеарнасында Михаил Гусманның «Формула власти» атты бағдарламасына қонақ болды.

Таяу Шығыстағы террормен күрес кезеңіне тоқталған президент Ердоған «Бұл аймақта террорға қарсы ортақ күресте құрметті досым Путиннің қолдауы аса қажет. Бұл салада Ресей мен ынтымақтастығымыз үшін біз қажетті қадамдарды басуға дайынбыз» деді.

Аккуйу Атом электр стансасы жобасының болса Түркия үшін маңызды екенін атап көрсеткен Ердоған «Бұл тақырыпта көп уақыт жоғалттық. Нысанамыз бұл жобаны жылдамдықпен аяқтап, тез арада іске қосу. Түрік ағымы жобасы тақырыбында да құрметті Владимир Путиннің қатысуымен өткен Түркия-Ресей жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесі жиналысында ортақ көзқарастарды ортаға қойдық. Бұл жобаны тоқтатын ешбір қадам баспадық» деді.

Түрік-орыс халықтарын етене жақындатқан саланың туризм екенін айтқан президент Ердоған «Бұл салада да ұзақ уақыт үзіліс берілді. Өткен жылы орыс турист саны іс жүзінде рекордқа жететін еді. Биыл бәлкім немістерден асып, бірінші орынды алуы мүмкін. Бірақ мен келесі кезеңде туризм ынтымақтастығының арта түсетініне сенемін. Әрине осы арқылы тамырластық байланыстарымыз да жетіледі» деді.

Брюссельдің Анкараға бағытталған ұстанымын сынға алған Ердоған «Еуроодақпен толық мүшелік кезеңін 1963 жылдан бері жүргізіп келеміз. 53 жылдан бері бізді күттіреді» деді.

Ердоған Сирия дағдарысымен байланысты босқын дағдарысын еске салып, «Сирия мен Ирактан 3 миллионнан астам босқын елімізді паналады. Кейбір азаматтық қоғам ұйымдарымен бірге бұл шығындарымыз 20 миллиард доллардан асты. Еуроодақ бізге қолдау көрсетпейді. Жәрдем жасауға уәде еткен болатын. БҰҰ-дан ғана 53 миллион доллар жәрдем келді. Түркия осыншама ауыр жүкті бір өзі мойындады» деді.

Фетуллахшы террор ұйымының (FETÖ) төңкеріс бастамасына назар аударған президент Ердоған «»Оқиғалар кезінде екінші күні Путин маған телефон шалды. Әңгіме барысында төңкеріске қарсы екендерін айтып, бізді жақтағандарын білдірді. Өзім және түрік халқының атынан  бұл принципті ұстанымын еске түсіріп алғысымды айтамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар