Бішкекте дауыл
Дауыл кезінде ағаштар құлап, жолдар жабылды.
Қырғызстанда дауылдан 2 адам зардап шекті.
Ел астанасы Бішкекте дауыл салдарынан үйлердің, жұмыс орындарының, сауда орталықтары мен қоғамдық ғимараттардың шатырлары ұшып кетті.
Бір бала ұшқан шатырдан, ал бір әйел адам көлігінің үстіне құлаған ағаштан зардап шекті.
Дауыл кезінде ағаштар құлап, жолдар жабылды. Көліктердің алға жылжи алмай қалды. Сондай-ақ бүкіл қалада электр қуаты үзілді.
Бішкекте дауыл артынан жаңбыр ала келді. Қалада төтенше жағдай жарияланды.
Ұқсас жаңалықтар
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.
Әзербайжан мен Аромения 1976 жылғы шекараларға қол қойды
Әзербайжан мен Армения арасында Шекараларды анықтау комиссиясының 9-шы отырысы өтті.