Қазақстанға келген шетелдік туристердің саны артты

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мәлімдеме жасады.

2139484
Қазақстанға келген шетелдік туристердің саны артты

2023 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристердің саны өткен жылмен салыстырғанда екі есе өсіп, 9,2 миллионға жетті.

ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев министрлер кеңесінің отырысында елдегі туризм саласының дамуы туралы мәлімдеме жасады.

Маржықпаев 2023 жылғы мәліметтер бойынша туризм саласының Ковид-19 эпидемиясынан кейін тез қалпына келгенін айтып, «2023 жылы Қазақстанға 9,2 миллион шетелдік келді. Бұл сан 2022 жылмен салыстырғанда екі есе көп» деді.

Елде ішкі турист санының айтарлықтай өскенін айтқан Маржықпаев өткен жылы 9,6 миллионнан астам отандық турист саяхатқа шыққанын білдірді.

Оның айтуынша туризм саласынан бюджетке түсетін салық түсімдері 450 млрд теңгені құрады.



Ұқсас жаңалықтар