Әзербайжан президентін сайлайды

Әзербайжанның армян басқыншыларынан азат етелген аймақтарында да сайлау учаскелері құрылды.

2098670
Әзербайжан президентін сайлайды

Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауында дауыс беру басталды.

Сайлаушылар Әзербайжанды 7 жыл басқаратын жаңа президентті сайлау үшін дауыс беруде. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де басталды.

Тіркелген 6,5 миллион сайлаушы бар елде ел ішінде және шетелде 6500 сайлау оркугі қалыптастырылды.

Әзербайжанның армян басқыншыларынан азат етелген аймақтарында да сайлау учаскелері құрылды. Осылайша 30 жылдан бері алғаш рет Әзербайжанның барлық жерінде сайлау өтіп жатыр.

Қарабахтың символдық қаласы Шушада, бір кездері сепаратистік армян әкімшілігі «астана» ретінде пайдаланған Ханкендіде, Ходжалы, Ходжаванд, Агдере, Агдам, Джабраил, Физули, Зангилан қалаларында 22 мыңнан астам сайлаушы бар.

Шетелде тұратын Әзербайжан азаматтары өздері тұратын елдердегі елшіліктерде дауыс бере алады.

Сайлауды әртүрлі халықаралық ұйым мен елдерден келген 800-ге жуық шетелдік және 90 мың жергілікті байқаушы бақылап отыр. Жергілікті баспасөзден бөлек, 200-ге жуық шетелдік журналист те сайлауды бақылайды.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 19.00-де аяқталады.

Сайлауда Жаңа Әзербайжан партиясының кандидаты ретінде қазіргі президент Әлиев, сондай-ақ Ұлттық майдан партиясының төрағасы Рази Нуруллаев, Ұлы Құрылым партиясының төрағасы Фазыл Мұстафа, Ұлы Әзербайжан партиясының төрағасы Эльшад Мусаев, Бүкіл Әзербайжан халық майданы партиясының төрағасы Кудрет Хасангулиев пен тәуелсіз кандидаттар Захид Оруч пен Фуат Әлиев бәсекеге түсуде.



Ұқсас жаңалықтар