Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен  телефонда  сөйлесті

Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.

2140899
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен  телефонда  сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен  телефон арқылы сөйлесті.

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.

Әңгімеде президент Ердоған алдағы кезеңде екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа белеске көтеруді  мақсат еткендерін білдірді.

Қазақстандағы су тасқынынан кейін жаралардың жазылуына риза екенін білдірген президент Ердоған Түркияның әрқашан көмектесуге дайын екенін айтты.

Әңгіме  барысында президент Ердоған Тоқаевты туған күнімен құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар