Армениядан Әлиевке жауап келді
Кочариян "Біз бір-бірімізбен сөйлесе алуымыз керек» деді.
Армения парламентінің Қорғаныс және Қауіпсіздік тұрақты комитетінің төрағасы Андраник Кочариян Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің екі ел арасында арағайынсыз бейбітшілік келісіміне қол қою ұсынысының тартымды екенін білдірді.
Кочариян баспасөз өкілдеріне мәлімдеме жасап, «Бұл әрі біз үшін, әрі олар үшін жақсы ұсыныс. Себебі біз бір-бірімізбен сөйлесе алуымыз керек» деді.
«Бүгінгі күнгі шындықты бекіту үшін «атысты бұзбау келісімін» (2020) қолдансақ та бізге кепіл болады» деді ол.
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев алдынғы күні Армениямен бейбітшілік келісімі үшін арағайын керек еместігін тілге тиек етіп, «Бұл тәуелсіз екі ел қол қоятын бейбітшілік келісімі болады» деген еді.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Ильхам Әлиевпен телефонда сөйлесті
Ердоған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.