Қиын мәселеде ең бірінші президент Ердоғанға телефон шалатынын айтты

Ильхам Әлиев жергілікті телеарнаға сұхбат берді.

2087271
Қиын мәселеде ең бірінші президент Ердоғанға телефон шалатынын айтты

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев елінің алдына шығатын қиын мәселеде бірінші болып президент Режеп Тайып Ердоғанға телефон шалатынын айтты.

Ильхам Әлиев жергілікті телеарнаға сұхбат берді. 

2-ші Қарабах шайқасы (27 қыркүйек-10 қараша 2020) кезіндегі телефон әңгімелері туралы айтқан Әлиев көбіне президент Ердоған және Ресей Президенті Путинмен сөйлескенін білдірді.

Әлиев Ердоғанның соғыстың алғашқы күнінен соңғы күніне дейін елінің қасында болғанын атап көрсетті. «Әзербайжанға берген саяси және моральдық қолдауы кейбіреулер үшін сабақ болды.  Бұл тек Әзербайжан халқына деген көмек қана емес,  сонымен бірге соғысқа араласқысы келгендерге де «араласпаңдар» деген үндеу болатын.  Әзербайжан халқы мұны ешқашан ұмытпайды» деді ол.

Шуша азат етілгеннен кейін де өзін бірінші болып құттықтаған кісінің Ердоған болғанын тілге тиек еткен Әлиев «Егер бүгін де елімізге байланысты қиыншылық болатын болса,  әрине бірінші болып бауырым Режеп Тайып Ердоғанға телефон шаламын» деді.



Ұқсас жаңалықтар