"Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейді"
Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат берді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік сайлауға қайта қатысу үшін конституцияға өзгерістер енгізеді деген қауесетті жоққа шығарды.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында «2026 жылы өтетін президенттік сайлауға қайта қатысады» деген қауесетті «жалған ақпарат» деп бағалады.
«Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейді. Бұл талап мемлекетіміздің тәуелсіздігі, біртұтастығы, аумақтық тұтастығы және басқару нысаны туралы нормалар сияқты мызғымастай етіп бекітілген” деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
ТҰҰМ төрағасы Нуман Куртулмуш Түркістанға барды
ТҰҰМ төрағасы «ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің орны» атты конференцияға қатысып, баяндама жасады.
Ердоған Ильхам Әлиевпен телефонда сөйлесті
Ердоған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.