Қазақстан өз азаматтарын Газадан эвакуациялауда

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Мысырдың Рафах бақылау-өткізу бекеті арқылы 44 азаматтың эвакуацияланғанын хабарлады.

2064395
Қазақстан өз азаматтарын Газадан эвакуациялауда

Газа секторынан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы басталды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, кеше 44 азаматтан тұратын алғашқы топ эвакуацияланды.

Мысырдың Рафах бақылау-өткізу пункті арқылы барлығы 594 адам, оның ішінде 44 Қазақстан азаматы эвакуацияланды. Қазақстандықтар бақылау-өткізу бекетінен өткеннен кейін құрлық арқылы Каирге жеткізілді.

Газа секторы шекара қақпасының бас кеңсесінің парақшасында Рафах бақылау-өткізу бекетінен шетел азаматтарының эвакуацияланатыны туралы ақпарат та болды. Мәлімдемеге сәйкес 120-дан астам Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелеріне Мысыр арқылы Газа секторынан шығуға рұқсат етілді.

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстан өз азаматтарының бақылау-өткізу бекетінен өтуіне рұқсат етілген бойда елге тез оралуы үшін шаралар қабылдап жатқанын айтты. Министр бұған дейін Мысырды Газа секторынан азаматтарды сөзсіз эвакуациялауға рұқсат беруге шақырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар