Арменияның минасынан 3413 әзербайжандық қаза тапқан

Бұл туралы Әзербайжан президентінің кеңесшісі Хикмет Хаджиев мәлім етті.

2056414
Арменияның минасынан 3413 әзербайжандық қаза тапқан

Әзербайжан президентінің кеңесшісі Хикмет Хаджиев 1991 жылдан бүгінге дейін 3413 әзербайжандық азаматтық Армения төсеген минаның құрбаны болғанын мәлімдеді.

Хаджиев Арменияның Әзербайжан жерін басып алған кезде және Екінші Қарабах соғысынан кейін төсеген миналарының құрбандары туралы айтты.  Ол Екінші Қарабах соғысы аяқталған 2020 жылдың 10 қараша кұнінен бері 65 Әзербайжан азаматының қаза тапқанын, 269 азаматтың жарақат алғанын атап көрсетті.

Қаза тапқандардың 50-і – бейбіт тұрғын, 15-і әскер екенін білдірген Хаджиев 1991 жылдан бері 3413 әзербайжандық азаматтың Армения төсеген минадан қаза тапқанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар