Әлиев Қарабах мәселесінің аяқталғанын айтты

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев армян басқыншыларынан азат етілгеніне 3 жыл толуына орай Физули қаласына барып, ата қонысына оралған азаматтармен кездесті.

2052207
Әлиев Қарабах мәселесінің аяқталғанын айтты

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қарабах қақтығысының мәңгілік жабық екенін айтты.

Әлиев армян басқыншыларынан азат етілгеніне 3 жыл толуына орай Физули қаласына барып, ата қонысына оралған азаматтармен кездесті.

Азаматтармен әңгімелескен Әлиев басқа қалалар сияқты Физулидің де басып алу кезеңінде армяндар тарапынан толығымен қирағанын еске салып, Әзербайжан мемлекетінің басып алудан кейін мұнда жаңа қала салғанын мәлімдеді.

Әлиев 800-ден астам Физули тұрғынының қалаға оралып, қалаға қоныстанғанын хабарлады.

Әлиев: «Жыл соңына дейін Физулиде шамамен 2 мың адам тұрады. Ұлы оралу бағдарламасының бірінші кезеңінде 22 мың азамат 2026 жылдың соңына қарай Физулиге оралады. Осы кезеңнің соңына дейін Қарабах пен Шығыс Зенгезурге 140 мың адам қоныстанады» деді.

Басқыншылық кезеңінде кейбір шет елдердің Әзербайжанды Қарабахтан бас тартуға көндіруге тырысқанын еске салған Әлиев:

"Олар мәселені соғыспен шешуге болмайтынын айтты. Біз соғыспен шешуге болатынын дәлелдедік және мәселе аяқталды. Қарабах мәселесі мәңгілікке жабылды. Бөлшектеушілердің есебі де мәңгілікке жабылды" деді.

Әлиев жеңіске жеткенде ел үшін жанын қиған қаһарман сарбаздарға қарыздар екендерін және шейіттерді ешқашан ұмытпайтындарын атап көрсетті.

Физули қаласының орталығы мен ауылдарының басым бөлігін 1993 жылы Армения әскері басып алған болатын.

Жаулап алудан бұрын жер көлемі 1386 шаршы шақырым болған Физулиде 144 мың Әзербайжан халқы тұратын.

Физулидің 1990 жылдары армян күштеріне қарсы 1100-ден астам шейіт бергені белгілі.

Әзербайжан армиясы 2020 жылдың 17 қазанында Физулиді басқыншылардан азат етті.



Ұқсас жаңалықтар