Мишель әзербайжандық журналистің сұрағына жауап бере алмады
Чарльз Мишель әзербайжандық журналистің «Еуроодақ Қарабах жайлы неге 30 жыл бойы үнсіз қалды?» деген сұрағына жауап бере алмады.
Еуропа Одағы Кеңесінің төрағасы Чарльз Мишель әзербайжандық журналистің «Армения Қарабахты жаулауы және 1 миллион әзербайжандықтың босып кетуінен кейін Еуроодақ неге 30 жыл бойы үнсіз қалды?» деген сұрағына жауап бере алмады.
Шарль Мишель кеше Еуропалық саяси қоғамдастықтың саммиті өткен Испанияның Гранада қаласында журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Әзербайжан «ITV» телеарнасының жаңалықтар директоры Фикрет Долуханов Мишельге 1990 жылдардың басында Арменияның Әзербайжан жері Қарабахты басып алуы салдарынан 1 миллион әзербайжандықтың босқынға ұшыраған кезеңіне сілтеме жасап, «ЕО неге 30 жыл бойы үнсіз қалды?» деген сұрақты қойды. Мишель бұл сұраққа жауап бере алмады.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Ильхам Әлиевпен телефонда сөйлесті
Ердоған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.