Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес жалғасуда

Сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында мемлекет тәркілеген ақшаға мектеп салынып жатыр.

2026456
Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес жалғасуда

 

Қазақстан үкіметі жемқорлардан тәркіленген ақшаға 62 жаңа мектеп салынғанын хабарлады.

Қазақстан үкіметінің мәлімдемесіне сәйкес, 76 мың оқушысы бар 62 жаңа мектептің құрылысы жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаражатқа құрылған қордың арқасында қаржыландырылған. Бұл мектептер Қазақстанның кей облыстарында және Астана, Алматы, Шымкент сияқты үлкен қалаларында салынған.

Қор өткен жылдың желтоқсан айында құрылған. Бүгінгі таңда қорға 151,6 млрд теңге инвестицияланған. Оның қызметі үш ауысымда білім беруді, апатты жағдайдағы білім беру мекемелерінің проблемаларын және жалпы білім беретін мектептердің, қосымша үйлердің және мектеп-интернаттардың құрылысы мен реконструкциясы арқылы оқушылар квотасының жетіспеушілігін шешуге бағытталған.

Тәркіленген қаражатты білім беру инфрақұрылымын қолдауға аудару туралы тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегінде берген болатын.



Ұқсас жаңалықтар