Қырғызстанның Ыстықкөл аймағында су тасқыны болды
Су тасқынынан 92 ауыл үйінің зардап шеккені хабарланды.
Қырғызстанның солтүстігіндегі Ыстықкөл облысында нөсер жаңбырдан кейін болған су тасқынынан 92 ауыл үйінің зардап шеккені хабарланды.
Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Ыстықкөл облысының Түп ауданына қарасты Талды-Суу, Кочу және Корумду ауылдарында толассыз жауған жаңбыр су тасқынына себеп болды.
Су тасқыны әсер еткен үш ауылда 92 үй мен ішкі жолдың зақымданғаны айтылған мәлімдемеде су тасқынынан кейін аймақта 7 техникамен тазалау жұмыстарына 103 қызметкердің қатысқаны атап көрсетілді.
Мәлімдемеде елдің оңтүстігіндегі Чон-Сай ауылында кеше жергілікті уақытпен сағат 15.30 шамасында қысқа мерзімді жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан кейін эвакуациялау және тазалау жұмыстарының жалғасып жатқаны білдірілді.
Ұқсас жаңалықтар
ТҰҰМ төрағасы Нуман Куртулмуш Түркістанға барды
ТҰҰМ төрағасы «ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің орны» атты конференцияға қатысып, баяндама жасады.
Ердоған Ильхам Әлиевпен телефонда сөйлесті
Ердоған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.